Сұрақ

Жиі қойылатын сұрақтар

Жұмыс тәртібі және көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат

Телефон: 8 (7212) 47-27-60

Жұмыс уақыты: 9.00-ден 17.00-ге дейін. Түскі үзіліс уақыты  13.00.-14.00

Мекен-жайы: Қарағанды қ., Локомотивная 122а, оқу бөлімі.

"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Қарағанды облысының білім басқармасының қолдауымен Қарағанды теміржол колледжінде 2018 жылдан бастап студенттерге қызмет көрсету орталығы (әрі қарай - СҚКО) жұмыс істейді.  Студенттерге қызмет көрсету орталығының ашылуы колледж қызметіндегі маңызды оқиға болып табылады. Орталық бұл жерге келушілерге ыңғайлы әрі кез келген қызметті алу кезінде толық қанағаттану мақсатына арналған. Бұл «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына ұқсас, орталықтың жұмыс істеу мақсаты -  студенттерге немесе тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес «бір терезе» арқылы жылдам және сапалы қызмет көрсету. 

Колледж көрсететін мемлекеттік қызметтердің тізімі:

1. "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау"

2. «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»

3. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру»

4. "Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру"

5. «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру»

6. "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну"

7. "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау"

Бір студентке қызмет көрсету уақыты мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес қатаң реттеледі. СҚКО-да ақпараттық-консультациялық көмек қызметтері қолжетімді. Осы жерден Egov электрондық порталынан онлайн қызметтерді өз бетінше алуға болады. Ол үшін өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы жұмыс істейді. Электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен түрлі анықтамалар алуға болады.

СҚКО жұмысы студенттер проблемаларын шешудің тиімділігі мен жеделдігін едәуір арттырады, көрсетілетін қызметтердің сапасын қағидатты жаңа деңгейге көтереді, білім алушылардың әлеуметтік маңызы бар көрсетілетін қызметтерді алуға жұмсайтын уақытын азайту міндетін шешеді.

https://egov.kz/cms/kk/categories/professional_education?mobile=no 

В этом году вступительных экзаменов нет. Зачисление проходит по среднему баллу вашего аттестата.

Программы на базе 11 класса есть. Для перечня специальностей обратитесь в приемную комисиию колледжа.

Колледж предоставляет бесплатное общежитие.

Оқу тегін

Оқуға түсу үшін қажетті құжаттар:

1. Аттестат (түп нұсқа)

2. №086-У Медициналық анықтама (наркологтан, психоневрологтан анықтама)

3. Сурет 3х4- 4дана

4. Туу туралы куәлік немесе жеке куәліктің көшірмесі

 

Сұрақтарыңыз бар ма?

Сіздің сұрақтарыңызға оқу орнының өкілдері, студенттер мен түлектер, сондай-ақ біздің сарапшылар жауап береді

Сұрақ қою

Сұрақ қою үшін, Сіз авторизацияланған болуыңыз керек. Авторизациядан өту
Әзірге ешқандай пікір қалдырылмаған

Бізді қалай таба аласыз

87757157878
pch211965@mail.ru
г. Караганда,ст. Сортировочная,ул. Локомотивная, 22а Приемная: +7 (7212) 47-27-60, 93-25-70 Факс: +7 (7212) 47-27-60 Email: kar-zhelez@krg-edu.kz Мекен-жайды картада көрсету
https://kzdk.mycollege.kz/