Электр берілістерінің жоғары вольтты желілері жөніндегі жұмысшылар ілеспе жабдықпен электрмен жабдықтау және электр берілісі линияларын монтаждайды, жөндейді және қосады.
Олардың міндетіне кіреді:
− электр берілісінің әуе және жерасты желілерін және электр тартқыштың байланыс желілерінің линияларын монтаждау және жөндеу;
− әуе және жерасты желілердің кәбілдерін қосу;
− қауіпсіздік техникасы қағидалары мен рәсімдерін сақтау, оның ішінде жабдықты үнемі тексеру және жұмыстарды өткізу орындарының айналасында қоршаулар тұрғызу;
− ауыстырып-қосқыштарды ажырату немесе жарамсыз немесе құлап түскен линиялардан электр тоғының соғу қаупін жою үшін, сонымен қатар жөндеу жұмыстарын жүргізуді жеңілдету мақсатында жерге тұйықтаушы құрылғыларды қосу;
− бағандарға (тіректерге) көтерілу немесе жабдыққа қол жету үшін автомобиль көтергіштерін пайдалану;
− электр сымдары схемаларын және электрлік бақылау-өлшегіш аспаптарды пайдалану арқылы жарамсыз секциялық құрылғыларды, ажыратқыштарлы, балқымалы сақтандырғыштарды, кернеу реттегіштерін, трансформаторларды, ауыстырып-қосқыштарды, релені немесе сымды анықтау.