Көліктегі қызметшілер көліктегі жедел қызметті реттеуді жүргізеді, теміржол, автомобиль және әуе жолаушы және жүк тасымалдарының орындалу мерзімін келіседі және бақылайды, сондай- ақ басшылық үшін есеп дайындайды.
Олардың міндеттеріне мыналар кіреді:
− көлік құралдарын пайдалануға жедел өндірістік есеп жүргізу және жолаушы және жүк тасымалы мерзімін үйлестіру;
− бөлім немесе аймақ ішіндегі көлік құралдарының дәстүрлі маршруттарын басқару, олардың қозғалысын үйлестіру және тиісті есеп жүргізу;
− көлік тасымалдарын жүзеге асыру кезіндегі бастапқы құжаттардың дұрыс ресімделуін тексеру;
− көлік тасымалы саласындағы жедел қызметті үйлестіру және есебін жүргізу, мысалы, көлік құралдарының қозғалысын және жүргізушілердің жұмысын бөлу және жоспарлау, көлік құралдарына тиеу және түсіру және жолда жүктерді сақтау;
− әуе жолаушылар және жүк көлігі саласындағы жедел қызметті үйлестіру және есепке алу, жолаушы және жүк декларацияларының тізімін жасау;
− басшылық үшін есеп дайындау.